Түркістан облысында басына кондиционер құлап, қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде Астанада ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды.
Жас болса да кәсіби адалдығымен көзге түскен және шұғыл жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай білген білікті маман Ұлдана Қалдарханқызы 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде емдеу ісі мамандығы фельдшер біліктілігі бойынша білім алып, оқу орнын үздік дипломмен бітірген.
Байқоңыр ауданы жедел жәрдем подстанциясының бригада аға-фельдшері болып жауапты қызмет атқарған.