Прямая трансляция

Астана

Астана

-22.03°C

Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшылар табылды

Ұлытау облысында жоғалып кеткен екі ер адам табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшылар табылды
Фото: sputnik.kz

Ұлытау облысының 112 пультіне 22 ақпанда сағат 06:00-де екі ер адамның мал іздеуге автокөлікпен шығып, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түскен.

"Ер адамдарды іздеу тобы Талап ауылы бағытындағы Солдат қыстағынан 24 км қашықтықта тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері, жоғалғандардың туыстары, ПД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, сондай-ақ "ҚазАвиаҚұтқару" тікұшағының экипажы жұмылдырылды.