Прямая трансляция

Астана

Астана

-22.03°C

"Қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан": Ақмолада төрт бала анасынан ажыратылды

Ақмола облысында прокуратура қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан төрт баланың құқығын қорғады. Олар ата-ана міндетін тиісінше орындамаған, тұрақты баспанасы, табыс көзі жоқ анасынан оқшауланып, балалар үйіне жіберілді, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан": Ақмолада төрт бала анасынан ажыратылды
Фото: видиодан скриншот

Шортанды ауданының прокуратурасы қолайсыз отбасында тұратын балалардың құқығын қорғау саласындағы заңдылыққа талдау жүргізіп, ата-аналық міндетін тиісінше орындамау фактілерін анықтады. Прокуратура мәліметінше, рейд нәтижесінде бір отбасында төрт баланың қауіпсіз және тиісті өмір сүру жағдайы қамтамасыз етілмегені, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені белгілі болған.

"Анасының тұрақты үйі, табыс көзi және тұрақты мекенжайы жоқ. Ол аудандық полиция басқармасында "Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі мен қамқорлығына байланысты міндетін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана" санаты бойынша есепте тұр және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен балалар анаcынан оқшауландырылды. Аудан прокуратурасының тапсырмасы бойынша әйелді ата-аналық құқықтарынан айыру туралы сотқа шағым түсірілді", - делінген хабарламада.

Алғашқы кезеңде балалар тексеруден өту және қажетті медициналық іс-шараларды жүргізу үшін уақытша аудандық ауруханаға орналастырылды.