Прямая трансляция

Астана

Астана

-24.03°C

Теміржол торабының екі учаскесінде пойыз бен автокөлік соқтығыса жаздады

Кеше Тараз және Шымкент ЖТ бөлімшелері учаскелерінде локомотив бригадаларының қырағылығы арқасында теміржол өткелдерінде автокөліктермен соқтығысуға жол берілмеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Теміржол торабының екі учаскесінде пойыз бен автокөлік соқтығыса жаздады
Фото: pexels

— Бірінші жағдай сағат 06:26–да Тараз-Шу учаскесінде болған. Ақшолақ — Үшбұлақ аралығының теміржол өткелінде электровоз машинисі 55 км/сағ жылдамдықпен Шевроле Кобальт авто көлігіне соқтығыспас үшін шұғыл тежеу қолданылған. Жедел әрекеттің арқасында соқтығысуға жол берілмеді. Пойыз 22 минутқа кешіккен, — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дан. 

Компанияның хабарлауынша, автокөлік басқарған жүргізушіге белгі берілсе де, жол белгілісі анық көрініп тұрса да қауіп туғызып, құқық бұзушылыққа жол берген. Оқиға туралы ақпарат Тараз қаласының жол полициясына жіберілді.

— Екінші оқиға 15:35–те Арыс — Түлкібас учаскесінде тіркелді. Шымкент — Қызылсай аралығында 51 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан № 2230 пойыз машинисі жеңіл автомобильдің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудын алды алынды, бірақ жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, — делінген хабарламада. 

Пойыз қозғалысы 16 минутқа кешіккен. Екі факт бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр. Теміржолшылар тағы да жүргізушілерді жолдарды кесіп өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады, өйткені адам өмірі бұзушылықтың қайтарымына айналуы мүмкін.