Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Дәрігерлер жағы сынған сарбаздың жағдайы туралы айтты

Отардағы әскери бөлімде жарақат алған сарбаздың жағдайы туралы тың дерек шықты. Оның сауығып келе жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Дәрігерлер жағы сынған сарбаздың жағдайы туралы айтты
Фото: видиодан скриншот

Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің бет-жақ хирургиясы бөлімінің бастығы Владислав Мусатов сарбаздың сауығып келе жатқанын айтты.

"Қазір ол оңалту курсынан өтіп жатыр. Ол физиотерапия, дәрумен терапиясын, ағзаны нығайту терапиясы және жаттығу терапиясынан өтуде. Тексеру кезінде оның аузы 3 см-ге дейін ашылды, бұл – оң нәтиже.

Әрі қарай гипербариялық оксигенация сеанстары жоспарда тұр. Содан кейін әскери-медициналық комиссия оңалту кезеңін аяқтау үшін физиотерапия курсын жүргізеді", - деді дәрігер.