Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодар облысында өрт салдарынан екі баласынан айырылған отбасына пәтер беріледі

Павлодар облысында өрт салдарынан екі баласынан айырылған отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі, деп хабарлайды Paryz.kz Ертіс ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында өрт салдарынан екі баласынан айырылған отбасына пәтер беріледі
Фото: ТЖМ

Ертіс ауданы әкімдігінің хабарлауынша, өрт салдарынан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер беріледі, қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақтар сатып алынды.

"Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта отбасы мүшелерімен психологтар жұмыс жасауда. Өрттің себептері анықталып жатыр", - делінген хабаламада.