Танымал мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Айтуынша, балалық кезден бері оны «әкесінің баласы» деп атап, жай ғана жолы болғанын айтатындар жетеді.
«Бала кезімнен бері мені әртүрлі атайтын. «Әкесінің баласы». «Алтын жас». «Сенің жай ғана жолың болды». Мен бұған ешқашан қарсы болған емеспін. Иә, мен әкемнің ұлымын және мен бұған ұялмаймын.
Бірақ уақыт өте келе мен бір нәрсені түсіндім: біреудің ұлы болу артықшылықтар туралы емес, бұл жауапкершілік туралы. Атқа кір келтірмеу жауапкершілігі.
Адам болу жауапкершілігі. Өз жолыңмен жүру, басқа біреудің жолымен жүрмеу жауапкершілігі. Біз бәріміз біреудің балаларымыз. Сұрақ бұл емес. Сұрақ — сенің кім болатыныңда», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Жансұлтанды қолдап түрлі пікірін жарыса жаудырды.