Ресейдегі Череповец металлургия комбинатының өндірістік алаңында қазақстандық мердігер ұйымның екі қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.
"Северсталь" компаниясына сілтеме жасап. 14 қаңтарда Череповец металлургия комбинатының ("Северсталь" бөлімшелерінің бірі) өнеркәсіптік алаңында мердігер ұйымның екі қызметкері – Қазақстан азаматтары өлі күйде табылғаны туралы белгілі болды.
"Қазіргі уақытта өлімнің себебі тергеп-тексерілуде, ал оқиға орнында арнайы қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген "Северсталь" хабарламасында.