Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

ШҚО-да Toyota Alphard автокөлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан полиция көлігімен соқтығыса жаздады

ШҚО-да Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озамын деп қарсы жолақта келе жатқан полиция көлігімен соқтығыса жаздады. Бұл сәт бейнетіркегішке түсіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да Toyota Alphard автокөлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан полиция көлігімен соқтығыса жаздады
Фото: видиодан скриншот

ІІМ-нің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, Өскемен - Риддер тасжолында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі басып озу мақсатында қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарымен арақашықтықтың қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, қарсы бағытқа шыққан. Жүргізушінің бұл әрекеті апаттық жағдайға себеп бола жаздады.

Тексеру барысында аталған құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталанып жасалғаны анықталды. Жүргізуші заң аясында жауапкершілікке тартылды.

Полиция барлық жүргізушіні сақ болуға, басып озу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.