Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды

Теміртаудағы шағын аудандардың бірінде тұрғындар аязда жылусыз қалды. Әкімдіктегілер жылу магистралінің ескі учаскесінде ақау анықталғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды
Фото: getty images

Instagram-дағы too_okjetpes_t парақшасында Теміртаудағы 8-ші және "Отрадное" шағын аудандарының тұрғындарына ыстық су мен жылу жоспардан тыс жұмыстарға байланысты өшірілетіні хабарланды.

Түннен бері тұрғын үйлер, бизнес нысандары мен әлеуметтік сала ғимараттары жылусыз отыр. Теміртаулықтар желіде дәл аязды күндер басталған уақытта жылусыз қалып отырғаны туралы жазған. Мәселеге қатысты қала әкімі Ғалым Әшімов түсінік берді.

Оның айтуынша, 1970-жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген ескі құбыр желісінің бір бөлігінде ақау анықталды.

"Қазіргі таңда оқиға орны белгіленді, авариялық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеуде. Барлық қажетті күш пен техника жұмылдырылды. Ақауды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жою мақсатында жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Жұмыстың барысы туралы қосымша ақпарат беріледі", - деді Ғалым Әшімов.