Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкенттен 10 шақырым жердегі ашық даладан 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Департаменттің мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел тергеу іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.

"Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің барлық қызметкері қатысты. Қаланың кіреберіс және шығатын жерлерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, аумақ тексерілді. Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым жердегі ашық даладан табылып, ұсталды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті. 

28 жастағы қала тұрғыны қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұған дейін күдікті марқұмның танысы екені анықталған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде.