Атырау облысы полициясы Жангельдин ауылында өз үйінде өлі күйінде табылған ерлі-зайыптының өліміне қатысты іс бойынша әйел адамға іздеу жарияланды. Болжам бойынша, бұл - олардың қызы, деп хабарлайды paryz.kz.
"Атырау облысындағы Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдікті мен олардың 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыс жасады деген күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сонымен бірге басқа да тұлғалардың оқиғаға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп мәлім етті Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.