Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының малын тоқ соғып өлтірді

Ақтөбе облысы Ақжар ауылында тұрғындардың малын электр тогы соғып өлтірді, деп хабарлайды "Диапазон" ақпараттық порталы.

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының малын тоқ соғып өлтірді
Фото: sputnik.kz

Оқиға Ақжардан шамамен 2,5 км қашықтықта болған. Жоғары вольтты электр беру бағанасындағы үзілген электр тогы үш сиырды өлтірген.

"Мал иелері "Энергожүйе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сотқа беріп, оларға келтірілген залалды өтеуді талап етті. Ал серіктестік өкілі келіспей, жоғары вольтты желі жеке меншікте, ал жануарлар күзет аймағында қараусыз жайылып жүргенін айтты", - делінген хабарламада.

Актіні жасау кезінде энергетика мамандары болмаған. Сотта ветеринар өлген жануарларда күйік іздері бар екенін растады. Жайылым ережелері бұзылды деген деректер анықталмаған. Сот шешімімен"Энергожүйе" ЖШС екі талапкерге үш сиыр үшін жалпы сомасы 1 миллион 260 мың теңге материалдық шығын төлеуге міндеттелді.