Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«93 жасқа келгенде өлемін»: Мұхтар Шаханов көріпкелдің сөзіне сенетінін айтты

Танымал ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып, жастық шағында басынан өткен қызық оқиғасын еске алды, деп хабарлайды paryz.kz.

«93 жасқа келгенде өлемін»: Мұхтар Шаханов көріпкелдің сөзіне сенетінін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Ақынның айтуынша, бір кездері көріпкелмен кездесіп, тағдырына қатысты болжам естіген.

"Шымкенттің ар жағында бадам деген жерде тұрдық. Біреудің малханасында тұрдық. Сол жерде көршілерден ақша сұрап, Шымкентке бардым. Ақша жоқ, жаяу бардым. Сол жерде базарды жаяу кесіп өте бергенімде бір бетінің бәрі шотыр-шотыр кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Сонда мен де қолымды ұстаттым. Сонда маған: «Балам, сен бүкіл жер-шарын білетін адам боласың. Сендей абырой биігіне көтерілген адам болмайды», – деді. «Сен 93 жасқа келіп, өмірден өтесің», – деді", – деп еске алды Мұхтар Шаханов.

Ақын көріпкелдің айтқандарының көбі орындалғанын атап өтті.

"Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүние жүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Барлық мемлекетте болдым. Ал енді 93 жасқа маған 11 жыл уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін", – деді ол.