Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды paryz.kz.
Министрлік: азаматтардан аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды; алыс сапарларды кейінге қалдыруды;
жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды;
қауіпсіз жылдамдықты таңдап, кенет бұрылудан аулақ болуды; көліктердің арасындағы арақашықтықты сақтауды сұрады.
"Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз", - деді ІІМ
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.