Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ақшаға бола тиген»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы ауыр сынға жауап берді

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманға қатысты жазбалар тарады. Алдымен желі қолданушыларының бірі оны қатаң сынға алған, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ақшаға бола тиген»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы ауыр сынға жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

«Әдемі деп неге жарылып жатсыңдар, оның әдемілігі не керек, бес баланың бақытын быт-шытын шығарған адам қалай бақытты болады, қалай жер басып жүр бұл бетпақ, бес баланың көз жасы жібермейді, не бойдақ жігіттер құрып қалып па, құлап сүйіп тұр дейсің бе, ақшаға бола тиген ғой, оңбаған қатын, жыным келеді, ішім ауырып, жүрегім сыздайды, оңбаған, қандай сөз айтсаң да бұған орынды айтатын сөз жетеді, санасызға сөзімізді қор қылып қайтеміз, ар жағында Тұрсынбек те оңбаған боп тұр ғой, басқа айтар сөзім жоқ», – деп жазды желі қолданушысы.

Аталған пікірден кейін Қабатовтың екінші жары Айман да өз парақшасында жауап қалдырды.

«Ауыздарына ақ ет кіріп, көк ит шығатын, ақ жаулықты апа деп айтуға келмейтін, Құдай болып кеткен құдағи сымақтардың әдемі фотосын салып отырамын. Таныс болыңыздар», – деп жазды ол.