Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті
Фото: Астана әкімдігі

Оқиға 20 желтоқсан сағат 09:40-та болған. "Шұғыл қызметтерге Қызылсай ауылындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары бұзылған", - дейді әкімдік.

Салдарынан үйдің жартысы опырылып түскен. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ жедел медициналық көмек, полиция және газ қызметі жедел жіберілген. Авариялық-құтқару және тексеру іс-шаралары жүргізілді.

"Үйде төрт адам болған, екеуі зардап шекті. Олар Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына жеткізілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі, отбасын уақытша орналастыру мәселесі шешілді", - дейді Жаңаөзен қаласының әкімдігі. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда.