Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі - тәуелсіз директор. Қор мәліметінше, бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Еске салайық, биыл 24 мамырда Президент Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты.