Әлеуметтік желіде өзін Тұрсынбек Қабатовтың жары ретінде таныстырған Айман есімді келіншек Тәуелсіздік күніне орай бейнеүндеу жариялады, деп жазады paryz.kz.
Видеода ол Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, елге амандық пен бірлік тіледі.
Жазба TikTok платформасында таралып, қысқа уақытта көп қаралым жинады.
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.