Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Еркебұлан Тоқтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

Белгілі киноактер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен марапатталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Еркебұлан Тоқтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды
фото: әлеуметтік желіден

Еркебұлан Тоқтар Instagram-дағы парақшасына алған марапатының фотосын жариялады.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді", - делінген жазба сипаттамасында.