Астана қаласында 2016 жылы адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс 9 жылдан кейін ашылды.
Қылмыскер 80 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оны соққыға жығып және жасаған қылмыс ізін жасырып оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрнетін биологиялық іздерді тапты. Сол іздерден ДНҚ-код алынған. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келген.
"Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялармен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды", - дейді полиция.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағанын мойындады.
"Министрлік өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырады. Криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді", - деді ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева.