Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қызметтік пәтерін көрсеткен депутат Бақытжан Базарбектің әйелі желіде қызу талқыға қалды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің әйелі Адель Әділова желіде жолдасының Астанадағы қызметтік пәтерін көрсетіп, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік ерлі-зайыптының сол үйде тұратынына күмәнданды, деп хабарлайды paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қызметтік пәтерін көрсеткен депутат Бақытжан Базарбектің әйелі желіде қызу талқыға қалды
фото: әлеуметтік желіден

Адель Әділова депутаттарға берілетін қызметтік пәтерді Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Бейнежазбада келіншек оқырмандары үшін әр бөлмені түсіріп, үйіндегі жиһаз бен техниканың ескі екенін айтты.

"Елордада депутаттар қандай пәтерде тұратынын көрсетейін. Бұл пәтерде 2023 жылдан бері тұрамыз. Бұл депутаттарға берілетін қызметтік пәтер", - деді Бақытжан Базарбектің келіншегі.

Оған қоса Әділова көпшілікке күйеуі Бақытжан Базарбектің наградаларын да көрсетті. instagram.com favicon Өту Аталмыш бейнежазба желіде бірден қызу талқыға түсті.

Оқырмандардың басым көпшілігі депутаттың отбасы бұл пәтерде тұратынына сенбейтінін жеткізген.

"Түсінгенім бойынша бұл үйді жалға беретін болып тұр ғой. Түсірілім алдында медальдарды шығарып қойған сияқты", "Халықты бұлай алдаудың қажеті жоқ. Депутаттар мұндай пәтерде тұратынына сенбеймін. Бұл өтірігіңізді басқа біреуге айтыңыз", "Сіздер шынымен осы пәтерде тұрасыздар ма? Шкафыңыздың бұзылып қалғанын да білмейтін болып тұрсыз ғой", - деп жазуда оқырмандар.

Алайда желі қолданушыларының арасында депутаттың келіншегіне қолдау білдіргендер де болды.

"Неге бірден жамандап жазасыздар? Осылай тұратын болса, адал адам болып тұрғаны", "Мен сеніп тұрмын. Сіз сияқты жолдасына қолдау білдіріп, кез келген жағдайда тұруға дайын әйелдер саусақпен санарлық", "Жап-жақсы пәтер. Онда тұрған не бар екен? Сіздердің ойларыңызша депутат тек зәулім үйлерде тұру керек пе", - деп жазды көпшілік.