Түркістан облысында атыс кезінде қаза тапқан 17 жастағы жігіттің анасы болған оқиға туралы ақпарат берді, деп хабарлайды
Бұған дейін белгілі болғандай, Түлкібас ауданында екі жігіт бір топ адамға оқ жаудырған. Оқиға орнында кәмелетке толмаған бала көз жұмып, үш адам ауруханаға түсті.
«Балам көліктің астына тығылып қалған. Оны желкесінен сүйреп шығарып, жүрек тұсынан атқан деп естідім», - деді марқұмның анасы.
Оның айтуынша, қара бетперде таққан адамдар BMW көлігінен шығып, бейғам тұрған адамдарға оқ атқан.
Еске салайық, сұмдық оқиға 2 қарашаның түнінде болған. Түркістан облысының полиция департаменті «Адам өлтіру» бабына сай қылмыстық іс қозғады. Бір күдікті ұсталып, тағы бір күдікті қашып кеткен. Ол қазір іздестіріліп жатыр.