Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодарда анасы мен баласы үйінде өлі табылды

Қылмыс қазан айының басында көпқабатты тұрғын үйде болған. Пәтерде өз-өзіне қол жұмсау туралы хат табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодарда анасы мен баласы үйінде өлі табылды
Фото: Kazinform

Көршілердің айтуынша, пәтерде зейнеткер мен оның 36 жастағы ұлы тұрған. Мәйіттер табылған кезде пәтерден өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат табылды.

Онда қылмыстың себебі ретінде әкесінің өлімі көрсетілген. Белгілі болғандай, өзіне қол салған ер адамның әкесі біраз уақыт бұрын қайтыс болған. Павлодар облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

— Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаймын, — дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов. Анықталғандай, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне пышақ тығып, қол жұмсаған.