Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Біздің ел болып кетуіміз қиын»: Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді

Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын мерейтойымен құттықтаған сәтіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Біздің ел болып кетуіміз қиын»: Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді
фото: видеодан скриншот

Ардақ Назаров Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, онда анасын құттықтауына соңғы кездері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайлар себеп болғанын айтты.

"Анасын туған күнімен құттықтады" деп даурығып жатқан жандарға жол болсын. Кеше ғана әкесін қан-жоса етіп тепкілеп, боқтаған видеоны баршаңыз көрдіңіздер. Бұл – қабырғамызды қақыратып, жүрегімізді сыздатты. Оны көрген жас ұрпақ ертең оны қайталамасына кім кепіл?! Ең ауыры бұл бейнежазбаға түскен бір ғана оқиға. Шын мәнінде, ұрпағым үшін деп ғұмыр кешкен қаншама әкелер жетесіз ұлдарының қолынан қаза тапқанын естіп те жүрміз", - деді ол.

Депутаттың айтуынша, өскелең ұрпаққа сабақ болсын деген ниетпен мінберден анасын құттықтаған.

Мәселе – Парламент төрінде құттықтағанымда емес. Мәселе – қайда жүрсең де, қандай қызмет атқарсаң да, мейлі кім болсаң да ата-анаңды құрметтеуді ұмытпауда, - деді ол.

 Депутат елімізде талқылайтын бұдан да маңызды мәселелер бар екенін жазған. Тоқтаусыз ажырасулар, қыздардың қорлануы, тастанды сәбилер, ұрлық, алаяқтық, есірткі, арақ, зинақорлық, кісі өлімі және жетімдер үйінің қаракөздерге толуы, - дейді депутат. Өз кезегінде бұл жазбаға оқырмандар түрлі пікірлер қалдырған.