Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ауыр күнә артып алдыңдар!»: Маңғыстауда зират басына қойылған мәрмәр тасты ұрлап кеткен

Маңғыстау облысында зират басына қойылған мәрмәр құлпытасты белгісіз адамдар ұрлап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ауыр күнә артып алдыңдар!»: Маңғыстауда зират басына қойылған мәрмәр тасты ұрлап кеткен
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде марқұм жұбайының бейітіне барған әйелдің бейнеүндеуі тарады. Ол 45 жыл отасқан күйеуінің қабіріне қойылған мәрмәр тастың орнында жоқ екенін көріп, қатты қапаланғанын айтты.

«Былтыр қайтыс болған жолдасымның жыл садақасын дайындап келіп-кетейінші деп келсем, мынадай жағдайға тап болдым. Онсыз да адамдар бір-бірімен қырылып, жер бетіне сыймай жүргенде, жер астында тыныш жатқан адамды жайына қоймағандарың не сұмдық? Мына мәрмәрді алып кеткен жігіттер, өздеріңе сондай ауыр күнә артып алдыңдар!», – дейді бейнежазбадағы әйел.