Блогер Ырысбала Икрамбай өзін тексеруде талап еткен ақтөбелік сынықшы Бағдагүлге үн қатты, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Елдің бәрі сенен қорқады деп ойлайсың ба? Құдайдың қолын ұстап тұр ма едің? Біріншіде көп халықтың бірі ғой, шешем жасты қатын екен деп сыйладым. Ақтөбені сау басқан кезде ешқандай халықтан бір тиын жинамай екі фура көмек жіберген жалғыз блогер мен едім. Оны міндетсінбеймін. Сен үшін жасаған жоқпын, мені қолдаған ақтөбеліктер үшін жасадым. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді. Ем жүргізетін адамның тұла бойы рухани таза болу керек емес пе? Сенікі сияқты негатив, ірің, құсыққа толмай. Сиыр сипағанды, санасыз сыйлағанды білмейді дегендей үндемеген сайын басыма шығып, ты*айын дедің ғой. Мені асырап алып па едің? Халыққа пайдасы тиіп жүрген кісі ғой дедім, шешеммен жасты екен дедім. Бірақ енді болды, айналайын! Шықпаймын ал! Не істейсің? Керемет шығарсың! 100 отбасы баспаналы болғанда соның біреуіне 1 тиын қосқан болсаң кел де соны менен талап ет. Айдалада отырып алып шәңкілдеген иттердің соңынан ере берме», - деді блогер.
Сонымен қатар блогер ешкімнің ақылына мұқтаж емес екенін айтты.
«Жер бетіндегі жалғыз екі аяқты періште сен екенсің ғой. Тікелей эфирде жөніңмен отырып, бәрін жамандай бер. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Ақыл айтатын жетім емеспін. Елім, халқым, оқырмандарым бар. Мені қолдап көретін, ақ батасын беретін жандардан осы сөздерім үшін кешірім сұраймын. Өле қал өзіңнің қызыңмен жасты қызлдан сөз естіп отырған. Өзің келіп тиісіп отырсың. Айтарымды айттым, - деп түйіндеді Ырысбала.