"Қайрат" пен "Селтик" арасындағы матчтың жұлдызына айналған Темірлан Анарбеков көп қыздың жүрегін жаулады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
24 сағаттың ішінде 100 мыңнан аса жазылушы жинап алған атыраулық Темірлан туралы желіде түрлі жазба тарады. Осы тұста өзін Анарбековтің сүйіктісімін деп таныстырған бейтаныс бойжеткен Threads-ті шулатты.
"Темілан Анарбековтің басы бос емес. Қыздар, оған тиіспейміз. Әйелді әйел түсінеді деп ойлаймын. Жаным, сондай қуаныштымын. Сенімен мақтанамын, жаным", деп жазды ол.
Желі қолданушыларының бір бөлігі сенбейтіндерін жазса, енді бірі екі жасқа бақыт тіледі.
Анарбеков болса, ойыннан кейін алғаш рет жеке парақшасында қысқа-нұсқа жазба жариялады.
"Тарих! Аллаға шүкір", - деді қақпашы Темірлан.