Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Шығын 60-70 млн болды»: Майғазиевтер тойда неше теңге жиналғанын әлі санап жатыр

Әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева өзінің жас келімен бірге журналист Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген, деп жазады Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Шығын 60-70 млн болды»: Майғазиевтер тойда неше теңге жиналғанын әлі санап жатыр
фото: әлеуметтік желіден

Сұхбаттың басты тақырыбы – жуырда осы әулетте болған той еді.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн-форматта көру үшін халықтан ақша алған. Динара Майғазиеваның айтуынша, бұл идея продюсер Жан Мұқановтікі және ол бұл идеясын тойға небары 4-5 күн қалғанда айтқан. 

«Онлайн форматта тарату – Жанның идеясы. Тойхананың сыйымдылығын қосқанда бұл жақсы идея болды деп ойлаймын. Тіпті Сәкеннің аға-жеңгесі тойды онлайн көрді, өйткені, ол кісілер тойға келе алмаған әжемізге қарап қалды», - дейді Майғазиева. Ләйлә Сұлтанқызы тойға өзі де келгенін, дастархан басында Форбес тізіміндегі кәсіпкерлерді де көргенін айтып, «құпия болмаса, олар неше теңгеден көрімдік берді?» деп сұрады. 

Динара Майғазиева қаражатқа қатысты сұрақтардың бәріне әзіл-шыны аралас жауап беріп, нақты цифрларды атаған жоқ. Бірақ, тойға шамамен 60-70 млн теңге шығын кеткенін айтып, «той өз-өзін ақтады» дегенмен келісті.

«Басқасы жарайды, Мейрамбек неше теңге берді тойыңызға?» деген сұраққа да нақты жауап бермеген ол «дәптерімнен қарау керек» деп қалжыңдады.