Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Қаржаубай Нұрымовтың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев осы отбасы үшін салынып жатқан үйді көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оның айтуынша, құрлысшылар үйдің іші-сыртын толығымен қазан айында аяқтап бітуді жоспарлап отыр екен.
«Маған көп қойылатын сұрақтың бірі – «Қаржаубайдың өртенген үйі не болып жатыр» деген сұрақ. Біздің негізгі назарымыз Шерзаттың соты болғандықтан, бұрын ақпарат беруді жөн көрмедік. Қазір мына үйді көріп, көзіміз жетіп отыр – жаңа үй салынып жатыр. Құрылыстың басы-қасындағы адамдар үй 15 қазанға дейін толық салынып бітетінін айтып отыр», - дейді адвокат.
Үйді салып жатқан құрлысшылар баспана биыл 15-20 қазан аралығында толық салынып бітеді деп мәлім етті.