Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.