Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бетпердедегі адамның» Димаш Құдайберген екені қызу талқыға түсті

Желіде соңғы күндері «Бетпердедегі адам» атты жұмбақ блогердің кім екені туралы қызу пікірталас өрбіді. Әлеуметтік желілерде қайырымдылық акцияларымен танылған бұл тұлғаның Димаш Құдайберген болуы мүмкін деген болжам пайда болды, деп жазады Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бетпердедегі адамның» Димаш Құдайберген екені қызу талқыға түсті
Коллаж: sn.kz

Желіде тараған бейнеде авторлар бұл нұсқаны аса шындыққа жанаспайды деп есептейді. Себеп ретінде олар блогердің қолындағы тыртықты, қасының пішінінің өзгешелігін және оның әкесі инсульт алғанын айтқанын келтіреді.

«Егер Димаштың әкесі ауырса, бұл жаңалық БАҚ назарынан тыс қалмас еді», — дейді олар.

Әзіл-шыны аралас пікір білдірген кейбіреулер бетперде астында Қайрат Нұртас жасырынған болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Алты күннің ішінде бейнежазба жүздеген пікір жинады. Бірі блогердің Димаш екеніне сенсе, енді бірі үшін оның кім екені маңызды емес — бастысы, ол адамдарға көмектесіп жүр.