Бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай спорттық карьерасында қолданған жеке заттарын аукционға шығарды, деп хабарлады Paryz.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 2025 жылы үшінші мәрте әлем чемпионы атанған кезде киген шлемі мен қолғабын аукцион арқылы сатпақ.
"Үш дүркін әлем чемпионы атанған кезде киген шлемім мен қолғабымды шығарып отырмын. Түпнұсқа. Қолтаңба. Аукцион басталды. Чемпиондық тарихымның бір бөлігіне кім жоғары баға береді?" – деп жазды Назым Қызайбай.
Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы болды. Назым Қызайбай көпбалалы отбасында тәрбиеленген.