Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қызым ауыр хәлде жатыр»: Танымал қазақстандық әнші концерт өткізбейтінін айтты

Қазақстандық танымал музыкант Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) елімізде өтетін концерттерін кейінге шегергенін немесе мүлде өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Қызым ауыр хәлде жатыр»: Танымал қазақстандық әнші концерт өткізбейтінін айтты
Фото: Pixabay

Әнші бұл шешімінің себебін әлеуметтік желідегі ресми жазбасында түсіндірді.

«Если чё, я Баха» хитінің орындаушысы қиын өмірлік жағдайға тап болғанын, соған байланысты сахнаға шығуға шамасы жоқ екенін айтты. «Өкінішке қарай, бұл турды кейінге шегеруге немесе мүлде тоқтатуға мәжбүрмін (күте аламын десеңіздер). Себебі, менің жаңа туған қызым отадан кейін ауыр халде жатыр. Бар күшімді жинауға тырысқаныммен, сахнаға шығуға дайын емеспін», — деді музыкант.

Jah Khalib бұл қиын сәтте отбасымен бірге болғысы келетінін де атап өтті. Жазбасының соңында ол жанкүйерлерінен бейжай қалмауды, мүмкін болса, дұға тілеуді сұрады.

«Әрине, дәл қазір менің жарымның жанында болуым маңызды. Ол менің қолдауыма зәру. Сіздерден түсіністік күтемін. Кім не істей алса да — дұға етіңіздер. Бастысы — балаларымыз аман болсын», — деп түйіндеді ол.