Орал қаласында Ш. Айталиев көшесі бойында орналасқан «Береке» сүт комбинаты аумағында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі цехтың шатыры жанған.
Оның біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары орналасқан, екіншісі балмұздақ өндіруге арналған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы – шамамен 3 мың шаршы метр.
– Қазіргі кезде құтқарушылар жоғары рангімен жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ведомстводан. Өртеніп жатқан ғимараттың түтіні алыстан көрініп тұр.