Кеше, 30 шілде күні Павлодарда болған сұмдық жағдайдан кейін ауыр хәлде ауруханаға түскен балалардың жағдайы ауыр. Бұл туралы Павлодар облысындағы балалар ауруханасының дәрігері Мерхат Амренов мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бір жарым жастағы баланың бір бүйрегін алып тастауға тура келген. Өйткені, баланың ішкі органдарына қан кетіп, тіпті жүрегі тоқтап қалған.
«2025 жылдың 30 шілдесі күні ішкі органдарына қан кетіп, жағдайы қатты нашарлаған 2024 жылғы баланың сол жақ бүйрегін алуға тура келді. Операция кезінде баланың жүрегі тоқтап, реанимацияның арқасында қайта соқты. Қазір баланың жағдайы ауыр. Өздігінен демаоа алмайды», - дейді Мерхат Амернов. Ал 2017 жылы туған бала есіе біледі, өздігінен демалады. Бірақ, жағдайы тұрақты.