Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстандықтар жүк көлігі өртеніп кеткен көпбалалы әкеге 4 күнде 15 млн теңге жинап берген

Қазақстандықтар жүк көлігі өртеніп кеткен көпбалалы әкенің шотына небары төрт күнде жаңа көліктің ақшасын жинап берген, деп жазады paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қазақстандықтар жүк көлігі өртеніп кеткен көпбалалы әкеге 4 күнде 15 млн теңге жинап берген
фото: видеодан скриншот

taspanewskz агенттігінің әлеуметтік желісінде тараған видеодағы жігіттің айтуынша, оның төрт баласы бар. Құны 20 млн теңге болатын жүк көлігі өртеніп кеткен соң ол жұмыссыз қалған.

Алматы қаласында тұратын Айнұр есімді есепші қыз ер адамға көмектескісі келіп, оның видеосын желіге салған. қазақстандықтар балаларын асырағысы келген әкеге жаңа көлік алсын деп, қомақты сома жинап берген.

«Құрметті қазақстандықтар, 26 шілде мен 30 шілде аралығында жиналған ақша - осы. Сіздердің арқаларыңызда 15 миллион теңге жиналды. Сіздердің арқаларыңызда менің бала-шағама көмек түсті. Қазақ еліне рақмет, шынымды айтсам, осынша ақша жиналады деп ойлаған жоқ едім. Бүгіннен бастап ақша жинау тоқтады», - дейді жүргізушінің өзі. Айнұрдың айтуынша, бұл ақшаға жүргізушінің несиесі де жабылған. Бұл апат шілденің ортасында Алматы облысында болған. Жүргізушінің сөзіне сенсек, күннің ыстығынан машина ішіндегі жүгімен бірге өртеніп кеткен.