Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маса арқылы жұғатын вирус өршіп барады – 5,6 миллиард адам қауіп аймағында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маса арқылы таралатын чикунгунья вирусының таралуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Маса арқылы жұғатын вирус өршіп барады – 5,6 миллиард адам қауіп аймағында
Фото: Pixabay

Ұйым эпидемияның қайталануына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Инфекция жұқтыру жағдайлары Еуропада да тіркеліп жатыр. 2025 жылдың басынан бері маса арқылы жұғатын чикунгунья вирусы қарқынды таралуда.

Reuters-тің мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы егер нақты шаралар қолданылмаса, әлем 2004–2005 жылдардағы эпидемияның қайталану қаупіне тап болуы мүмкін екенін ескертуде.

Қазіргі таңда 119 елде 5,6 миллиардқа жуық адам бұл вирус белсенді таралуы мүмкін аймақтарда тұрады. Вирус қатты қызу, буындардың қатты ауыруын тудырады және мүгедектікке әкелуі мүмкін, – деді ДДҰ өкілі Диана Рохас Альварес. 

Альварестің айтуынша, вирустың жаңа өршу аймағы Үнді мұхитының Ла-Реюньон, Майотта және Маврикий аралдарынан басталған. Бұл жерлерде бұған дейін де эпидемия тіркелген. 

Мәселен, Ла-Реюньонда тұрғындардың үштен бірі вирус жұқтырған деген болжам бар. Вирус сонымен қатар Мадагаскар, Сомали, Кения және Оңтүстік-Шығыс Азияда, соның ішінде Үндістанда да тез таралуда. ДДҰ үшін Еуропадағы жағдай ерекше алаңдаушылық тудырады.

Мамыр айынан бері Францияда шамамен 800-ге жуық сырттан келу жағдайы тіркелсе, ел ішінде жергілікті масалар арқылы жұқтырудың 12 оқиғасы анықталған. Жақында Италияда да бір жағдай тіркелді. Чикунгунья көбіне Aedes тұқымдас масалардың, соның ішінде денге мен Зика вирусын да тарататын жолақты (тигровый) масалардың шағуы арқылы беріледі.

Вирусқа қарсы нақты ем жоқ, ал өршулер тез өрбуі мүмкін. Бұл масалар күндіз белсенді болады. Басты қорғану жолы – арнайы масаға қарсы репелленттерді қолдану және жабық киім кию. ДДҰ елдерді жаңа жаһандық эпидемияның алдын алу үшін белсенді профилактикалық шараларды дереу қабылдауға шақырып отыр.