Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады

Елімізде кейбір санаттағы азаматтардың зейнетке жалпы белгіленген жастан ерте шығу мүмкіндігі бар. Толығырақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Анель Шенеева түсіндіріп берді.

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады
Фото: pexels.com

Бүгінде Қазақстанда ер адамдар үшін жалпы белгіленген зейнеткерлік жас — 63, әйелдер үшін — 61 жас. Сонымен қатар Әлеуметтік кодекске сәйкес, 8 жасқа дейінгі 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдер 53 жаста зейнетке шыға алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын арттыру мақсатында арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау көзделген. Аталған төлемді 55 жасқа толып, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын төлеген азаматтар алуға құқылы.

Осылайша, бұл санаттағы жұмысшылардың зейнет жасына жеткенге дейінгі зиянды жағдайы бар жұмыстан шығуға және арнайы әлеуметтік төлем алу құқығы бар, — деп түсіндірді Анель Шенеева. 

Сондай-ақ министрлік өкілі құқық қорғау органдарының қызметкерлері де еңбек өтіліне қарай зейнетке ерте шыға алатынын айтып отыр. — Еңбек өтілі бойынша зейнетақы тағайындауды қызметкер жұмыс істейтін бөлімге байланысты тиісті мемлекеттік органдар жүргізеді, — дейді ведомство маманы.