Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Актер Мейрхан Шерниязов бостандыққа шықты

Қаржы пирамидасын құрды деген айыппен сотталған вайнер Мейрхан Шерниязов жазасын толық өтеп, отбасына оралды. Бұл туралы ZTB NEWS-ке актердің өзі мәлімдеген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Актер Мейрхан Шерниязов бостандыққа шықты
фото: видеодан скриншот

«Бұл рақымшылық та емес, шартты түрде босату да емес. Жай ғана мерзім аяқталды, сондықтан бостандыққа шықтым. Алдымен орталық СИЗО-да отырдық, кейін Павлодарда, соңында Алматыда болдық. Қазір отбасымның жанындамын, өзімді жақсы сезініп жүрмін», — деді Шерниязов.

Айта кетейік, 2022 жылдың 19 сәуірінде Мейіржан Төребаев пен Мейрхан Шерниязов Mudaraban Capital қаржы пирамидасына байланысты шу болған істе қамауға алынған еді. Ал 2023 жылдың 23 маусымында олар қаржы пирамидасын құрды деген айыппен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.