1-3 тамыз аралығында қалада “Самарқанд палауы”(Самарқанд оши) фестивалі өтеді. Бұл туралы SputnikUzbekistan ақпарат агенттігі облыстық Туризм басқармасының басшысы Журабек Сүйіновке сілтеме жасап хабарлады.
Фестиваль бағдарламасында 200-ден астам аспаз арасындағы байқаулар, палаудың 20-дан астам түрін дайындау, аспаздық бойынша сабақтар, түрлі елдердің ұлттық тағамдарын көрсету, қолөнер бұйымдары мен шығыс тәттілерінің көрмелері, мәдени-ойын-сауық шаралары бар.
Фестивальдің басты оқиғасы «Мәңгілік қала» саябағында 7 тонна Самарқанд палауын дайындау процесі болмақ.