Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Сахнадан шеттету керек»: Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды

Желі қолданушысы "Шаншар" театрының басшысы, әзілкеш, актер Уәлибек Әбдірайымовты сынады, деп жазады Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Сахнадан шеттету керек»: Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
фото: видеодан скриншот

Жазуынша, әзілкештің кей сөздері тым ерсі және оған тоқтау салу керек. "Бұл кісі сахнада неге әлі жүр? Үйге келген қонақтар "Шаншар" театрының қойылымын қарап отырған.

Өтіп бара жатқанда құлағым шалып қалды. Ести сала төбе шашым тік тұрды.

"Ол Дубайда таяқ жегеніне рақмет айтсын" дейді өзінің сөзінде. Осындайлардың кесірінен бізде зорлық-зомбылық қалыпты нәрсеге айналған", деді ол.

Желі қолданушылары болса, сатираның сондай болатынын жарыса жазып Әбдірайымовты ақтады.