Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы тауларында ресейліктер ұлын жоғалтып алды

Алматы тауларында ұлын жоғалтып алған Ресей Федерациясының азаматтары құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы тауларында ресейліктер ұлын жоғалтып алды
Фото: ТЖМ

Туристер Талғар асуында болған кезде 16 жастағы бозбала Богданович мұздығына қарай жалғыз кетіп қалған және онымен ата-анасы байланысқа шыға алмаған.

«ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметі дереу көмекке шықты», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Қиын таулы аймаққа қарамастан құтқарушылар жедел түрде Талғар асуына көтеріліп, мұздыққа қарай жаяу бет алды. Жасөспірім аман-есен табылды Іздестіру операциясы барысында жасөспірім табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекке мұқтаж болмады. Тексерістен кейін құтқарушылар жасөспірімді ата-анасы күтіп тұрған асуға түсірді.