Байзақ ауданы тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сату мақсатында сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы полици ядепартаментінің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.
Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданды.
Соттың 2025 жылдың 10 маусымындағы үкімімен ер адам кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.