Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

«Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр»: Мөлдір Мұқанова оқырмандарына жауап берді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.


«Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр»: Мөлдір Мұқанова оқырмандарына жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Бүгінде өнерлі жұп ел алдына бірге шықпай, тыңдарманын алаңдатып қойды.

“Тұрсынбек екеуі ажырасып кеткен”, “Күйеуі көрінбей кетті”, “Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен”, “Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді”, “Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр”, “Мөлдір баяғының бақсылары сияқты”, – деп жазды көпшілік. Әзілкештің жұбайы барлық пікірді жауапсыз қалдырып, тек “Әйел ашуланса құлпырады” деп жазған пікір иесіне: “Ол – рас”, – деп жауап қайтарды.

Одан кейін Мөлдір Мұқанованың жас жігітпен ән салғаны қызу талқыға түсті. Арт-менеджердің орындауындағы әндер хитке айналып жатыр.