Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Жаман келін болған жоқпын»: Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый тарту етті

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің тұңғышы үйленіп, дүркіретіп тойын өткізді. Мерекелік кешке кіл жақсылар жиналып, екі жасқа тілектерін жаудырды. Солардың ішінде Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыз да қос ғашыққа тілегін айтып, сыйлығын берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жаман келін болған жоқпын»: Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый тарту етті
фото: видеодан скриншот

"ҚАЗАҚ келіндерінің үлгісі болған Зейнеп Ахметова анамыз Әдия келінімізге ҚАЗАҚтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы атамызға шәй құйған оң қолындағы баға жетпес білезігін сыйға тартты! АЛЛАҒА шүкір! Анамыздың ақ жолын күллі ҚАЗАҚ қыздарына бұйыртсын", деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ, Зейнеп апамыз Сәкен Майғазиевтің қызының тұсауын да кесікені белгілі болды.

«Иісі қазаққа ортақ ұлы тұлғаға шәйін қайнатып, қолына су құйған адаммын ғой. Мен жаман келін болғам жоқ, әжептеуір келін болдым. Жаңа түскен келінге менің жолымды берсін деймін. Ал енді ырымдап оң қолымдағы білезігімді сыйлайын", - деді Зейнеп Ахметова.