Танымал әнші Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиевпен құда болғысы келетінін жасырмады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнер иесі үйлену тойға ұлын да ертіп келгенін көрсетті.
“Бүгінгі тойға Олжас екеуміз ғана емес, ұлым Әнуарды да арнайы ертіп келдім. Өйткені сіздерде қыз бар, сізде ұл бар дегендей… Біз жай ғана емес, үлкен “намекпен” келіп отырмыз. Бұйырса, осы шаңырақта тағы да той болсын”, – деді Мадина Сәдуақасова.
Желі қолданушылары әншінің әрекетін қатаң сынап жатыр.
“Ұлына әуелі қазақша үйретсін”, “Үлкен адамдардың арасына бала ертіп келгені несі?!”, “Сәкенмен болашақта құда болуға намек тастап кеткені ше, дәмесінің зорын-ай. Сакендей қарапайымдылықты сүйетін азамат, өр көкірек Мадинаның баласын не қылсын?!”, Сәкеннің қыздарына ағалары Әділеттей адамгершілігі мол, тәрбие көрген азамат бұйырсын”, – деп жазды көпшілік.