Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

150-ге жуық адамның атына несие алған: Жамбыл облысында киберқылмыстық топ құрықталды

Жамбыл облысында 2021 жылдан 2025 жылға дейін 300-ден астам интернет-алаяқтық фактілерін жасаған 12 тұлға ұсталды.

150-ге жуық адамның атына несие алған: Жамбыл облысында киберқылмыстық топ құрықталды
Фото: Pixabay

Бірінші жағдайда 6 адамнан құралған қылмыстық топ интернет арқылы несие рәсімдеу жолымен 147 азаматтың жалпы сомасы 101 млн теңге қаражатын иемденген.

"Қылмыстық топ үш жыл бойы Тараз қаласындағы жалға алынған кеңседе екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеумен айналысқан. Аталған фактімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада. 

Бұдан басқа Байзақ ауданында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап наурызға дейін ерлі-зайыпты жұп "WhatsApp" чаты арқылы нарықтағы бағадан төмен бағада ыдыс-аяқ сатамыз деп жарнама жасап, алаяқтық және сенімді теріс пайдалану мақсатында 200 жәбірленушінің 120 млн теңгеден астам ақшасын иемденген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғалар ұсталды. Прокуратура азаматтарды сақ болуға және банктердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде өзін таныстыратын күдікті тұлғаларға сенбеуге шақырады.