Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Түркияда ұсталған «Астана LRT» ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан елге қашан қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның айтуынша, қазір Ардан Түркияда қамауда отыр.
«Біздің елге нақты қашан экстрадицияланатынын айта алмаймын. Өйткені бұл түрік тарапының заңнамасымен реттеледі, олар өздері қарайды. Мысалы біздің заңнама бойынша біз шетелдік азаматты құжаттары келгенге дейін 40 тәулік қамауда ұстай аламыз. Құжаттары келіп түскен соң, экстрадициялық қамау мәселесін бір жылға дейін қарай аламыз», - деп түсіндірді Шыңдалиев Мәжіліс кулуарында.