Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Табысынан салық төлеуі керек»: Сәкен Майғазиевтың ақылы «онлайн тойы» комитеттің назарын аударды

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын онлайн форматта ақылы түрде көрсетуі салық заңнамасына сәйкес табыс көзі ретінде қарастырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Табысынан салық төлеуі керек»: Сәкен Майғазиевтың ақылы «онлайн тойы» комитеттің назарын аударды
Коллаж: sn.kz

Бұл қазақ қоғамында алғаш рет өткізілген ақылы онлайн-той ретінде тіркелді.

«Қаралып отырған жағдайда онлайн-үйлену тойына қатысу үшін 1380 теңге көлемінде ақы алу табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет болып саналады. Егер шараны ұйымдастырушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелсе, ол алған табысын декларациялап, жеке табыс салығын төлеуге міндетті», – делінген Комитет түсіндірмесінде. 

Яғни, бұл табыс заң жүзінде салық салынатын кіріс ретінде қаралады.

Еске салайық, танымал әнші Сәкен Майғазиев көпшілікті ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойын онлайн көруге шақырды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Әділет пен Әдияның қуанышына арнайы Telegram-арнасы ашылған. Тойды үйінде отырып-ақ тамашалағысы келетін жұрт осы арнаға тіркеліп, мерекенің ең жарқын сәттерін көре алады. 

"Ұлымыздың үйлену тойын сіздермен бөлісу үшін арнайы жабық Telegram-арнасын аштық. Бұл арнада тойдың ерекше әрі қызықты сәттерін онлайн тамашалауға мүмкіндік бар. Қуанышымызға ортақтасып, онлайн тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз", – делінген хабарламада. Telegram-арнаға тіркеліп, тойдың онлайн қонағы болғысы келгендерге 1380 теңге төлеу қажет.

Қыз жасауына 3 қаладан 3 пәтер берген әйелдің видеосы желіде қызу талқыланды Қыз жасауына 3 қаладан 3 пәтер берген әйелдің видеосы желіде қызу талқыланды «Енді тырнақ бояу қалды»: Астана көшесінде биік өкшемен жүрген жігіттер жұрттың ашуына тиді «Енді тырнақ бояу қалды»: Астана көшесінде биік өкшемен жүрген жігіттер жұрттың ашуына тиді "Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты "Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты «Өміріңнің соңы өкініш болады»: Танымал әнші өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы айтты «Өміріңнің соңы өкініш болады»: Танымал әнші өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы айтты «Табысынан салық төлеуі керек»: Сәкен Майғазиевтың ақылы «онлайн тойы» комитеттің назарын аударды «Табысынан салық төлеуі керек»: Сәкен Майғазиевтың ақылы «онлайн тойы» комитеттің назарын аударды "Өкінетіні бетіне шығып тұр": Жұрт Әбдікәрімованың жүктілігі жөнінде айтқанын жаратпады "Өкінетіні бетіне шығып тұр": Жұрт Әбдікәрімованың жүктілігі жөнінде айтқанын жаратпады «Басты күдікті анықталды»: Германияда қаза тапқан қазақстандық судьяның өлімі туралы тың мәлімет шықты «Басты күдікті анықталды»: Германияда қаза тапқан қазақстандық судьяның өлімі туралы тың мәлімет шықты «Шерзаттың отбасын жайына қалдыр»: Айтбек Амангелдінің мәлімдемесі жұрттың наразылығын тудырды «Шерзаттың отбасын жайына қалдыр»: Айтбек Амангелдінің мәлімдемесі жұрттың наразылығын тудырды Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған 8 жастағы қыздың отбасына баспана беріледі Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған 8 жастағы қыздың отбасына баспана беріледі